Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару көлемі азаймайды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2016
  • 2808

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару көлемі азаймайды. Бұл жөнінде сала министірлігінің өкілдері айтты. Биылғы егін ору науқаны сәтті жүргізілуде, астықтан мол өнім аламыз деген жоспар бар. Сондай ақ ет-сүт өнімдерін экспорттау да назардан тыс қалмайды. Былтыр 7 млн тонна астық экспорттап, әлем бойынша астықты ең көп өндіретін елдердің үштігіне ендік. Ал биылғы 9 айда 5 млн тоннадан астам бидай экспортталды. Басты мақсат - алдымен ішкі сұранысты толық қанағаттандыру. Сондай-ақ бағаның бетімен кетуіне жол бермеу. Өткен жылы Еуропа нарығына астық шығарып қана қоймай, мұхит асып, АҚШ-қа да 15 мың тоннадай астық жіберілген. Мамандар, биыл да осы көрсеткішті жоғалтпауымыз керек, дейді.

Жұмажан Сағынтаев, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығын өңдеу мен қайта өндіру департаментінің сарапшысы:

Былтыр 18,7 млн тонна астық жинағанбыз, биыл одан 2 млн тонна артық болады деп жоспарлап отырмыз. Ал енді экспорт көлеміне келетін болсақ,  Еуропалық одақ елдеріне экспортқа кетеді астық. Содан кейін міне екі үш жыл болды Қытайға астық жап-жақсы кетіп жатыр, жыл басынан бері 25 мың тонна астық кетіпті.