Русский Сайттың толық нұсқасы

Сәбит Құрманәлиев 6 жылға бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2023
  • 1102

Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы ҰҚК бұрынғы басшысы өз өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін сот шешімімен 332-бап, 4-бөлік бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 10 жылға құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге тыйым салынды.

"Талдықорған қалалық соты Сәбит Құрманалиев Алматы облысы ҰҚК басшысы бола тұра, өзінің қызметтік міндеттерін елемей, 2022 жылғы 5 қаңтарда болған оқиғаларды ескере отырып, жеке құрамға ведомство ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға және әкімшілік ғимараттан кетуге заңсыз бұйрық бергенін анықтады.Сонымен қатар ол ресми және құпия құжаттарды жоюға бұйрық берген. Осылайша ҰҚК департаментінің басып алынуына жағдай жасаған", - делінген хабарламада.