Русский Сайттың толық нұсқасы

Бағлан Әбдрайымов Жұлдызай Дүйсенбиеваны не себепті киноға түсірмей қойғанын түсіндірді

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2023
  • 915

"Жігіттер" тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдрайымов актриса Жұлдызай Дүйсенбиевамен болған түсініспеушілікке нүкте қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көпшіліктің сұрағына бір ауыз жауап берейін. Жұлдызайды мен ренжіткен жоқпын. Оның бізге дастархан жайып, киноға түсу үшінмбізбен шай ішкісі келгені рас. Сұрақ қойды, сұраққа жауап бердік. Біздің фильмде Жұлдызайға лайықты рөл болмады. “Саған лайықты рөл жоқ” деп айтқанымыз өтірік емес. Қыз баласы ғой, көңіліне келген шығар. Бірақ осының қайырын айтайын, Жұлдызай болған жағдайдан шабыт ала отырып, өзін қайрап, қолынан келетінін дәлелдеп, тәуекелге барып, кино түсірді. Кино түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді", – дейді Бағлан Әбдрайымов.

Әнші өнердегі әріптесінің кезекті фильміне де түсе алмайтынын айтып, оның себебін түсіндірді.

"Ренжіме, Жұлдызай” деп біз қазіргі уақытта екінші жобамызды түсіріп жатырмыз. Оған шақырсам, өзі Қазақстанды аралап жүрген Жұлдызай тағы келе алмайды. Киноға шақырдым, өзіңнің қолың тимей қалды. Екеуіміз есеп теңестірдік", – деп әріптесінің шығармашылығына сәттілік тіледі.