Мальта жағалауында теңізден құтқарылған 400-ден астам мигрант төрт күн бойы су бетінде болған, деп хабарлайды Астана телеарнасы Euronews арнасына сілтеме жасап.
Мальта маңында теңізден құтқарылған 440 заңсыз мигранттың көпшілігі Италияның Бриндизи портына түсті. Оларды сейсенбі күні халықаралық суларда құтқару операциясын жүргізген «Шекарасыз дәрігерлер» француз үкіметтік емес ұйымы құтқарып қалды.
Италия жеріне түсуге рұқсат етілген 339 адамнан тұратын топта 30 бала мен 8 әйел болған. Сирия, Пәкістан және Бангладеш сияқты бірнеше елден келген мигранттар Ливиядан жолға шығып, төрт күн бойы теңізде өмір сүрген.