Русский Сайттың толық нұсқасы

Балқаш ЖЭС бойынша келіссөздер жүріп жатыр - Қ. Бишімбаев

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2016
  • 2787

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты нақты шешім жоқ. Экономикалық тиімділігі мен инвесторлар қызығушылығы ескерілмек. Бұл туралы Үкімет сағатында белгілі болды. Алтыншы шақырылымның екінші сессиясына енді кірісіп жатқан депутаттар бүгін алғашқы Үкімет сағатын өткізді. Онда экономикалық өсім мен «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы туралы маңызды мәселе талқыланды.

Депутаттар Қуандық Бишімбаевты Үкімет сағаты басталмай тұрып қоршады. Атқарылған жұмыстарды стендтер арқылы көрнекі түрде таныстарған министрге, мәжіліс залына кірмей-ақ, сауал жаудырды. Алайда сұрақтардың көкесі мәжіліс залында басталды. "Нұрлы жолдың» жетістігін жіпке тізген Ұлттық экономика министрін үш жарым сағат сұрақтың астына алды.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

У нас для вопросов записалось 36 депутатов, у нас полтора часа.  Мы 15 минут уже задаем. Я бы попросил депутатов без большой преамбулы сразу коротко задавать вопросы.

«Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуына депутаттардың көңілі толмады. Әсіресе бюджет қаражатын игеруге келгенде, жылдағы көрініс. Омархан Өксікбаевтың айтуынша, «Бәйтерек» ходингі 174 млрд теңгенің 36 пайызын игерген. "Самұрық-Қазына" 77 млдр-тың 55 пайызын ғана мақсатты жұмсаған. Тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджет қаражаты да тиімді игерілмей жатса керек. Жалға берілетін тұрғын үй желісі бойынша құрылысқа ипотекалық компания арқылы "Бәйтерек" холдингіне ұлттық қордан төрт есе көп, 115 млрд тг бөлінді. Бірақ оның 88 пайыз ғана игерілген.

Нұртай Сәбильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қазіргі уақытта Республикада тұрғын үй алу кезегінде 350 мыңнан аса адам  тұр. Жеке тұрғын үй салу үшін жер алу кезегінде 1 млн аса адам тұр. Ақшалай ресурсты мемлекеттік бағдарлама операторы арасында тең бөлмеу алаңдатушылық туғызады. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне бақылауды қатаңдату қажет деп есептейміз.

Енді Үкімет Ұлттық қор қаржысын тиімді басқарудың жаңа концепциясын әзірлеп жатыр. Бюджет теңгелерін үнемдей түсу үшін пәтер иелері кооперативтерін өзін өзі ақтау жүйесіне көшірмек.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Мұнай бағасы төмендеп тұрған кезде Ұлттық қордың қаржысын сақтау керек. Біздің негізгі болжамымыз бойынша Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің жыл сайынғы көлемі түсімдерден 2017 жылы 1,4 трлн теңгеге, 2018-2019 жылдары 1 трлн теңгеге асады. Ал 2018 жылдан Ұлттық қордың қаржысын алуды айтарлықтай қысқартамыз.

Депутаттар аяқсыз қалған Балхаш жылу электр станциясының тағдырын да сұрады.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Балхаш ТЭС бойынша келіссөздер қазір өткізілуде. Екі ай бар Самсунг компаниясымен қайта келісуге. Біздің министрлікті уайымдататын мәселе - келешектегі тарифтер. Өйткені станциясының құрылысы келешегі тарифтердің ұлғаюуына өте жоғары. Сондықтан тарифті қайта қарап, сол келіссөздер арқылы тарифті жаңартуға ма, әлде төмендетуге мүмкіндік жолдарын табу керек.

Елена Бахмутова, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры:

Қазіргі кезде Ұлттық экономика және өзге де министрліктермен бірігіп біз мәселені зерттеп жатырмыз. Соңғы шешім қабыладу үшін әлі уақыт бар. Біз кәріс компанияларына әлі ештеңе төлемейміз. Өйткені жоба басталған жоқ.

Ал үш жарым сағат бойы депутаттардың қадалған назарынан қаша алмаған Қуандық Бишімбаевтың ентелеген журналистердің сұрағына жауап беруге әлі келмеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ