Алдағы күндері елімізде ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен 11-12 сәуір күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипат алады. Кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.
"Ал 13 сәуірде термометр бағамы біртіндеп көтеріледі",- дейді синоптиктер.
Солтүстік өңірлер 20 градусқа дейін жылынса, оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, күн ысиды.