Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан президентінің жүрегі ұстап қалды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2016
  • 4693

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы қанағаттанарлық. Бұл жөнінде біздің арнамызға қырғыз президентінің аппаратынан мәлімдеді. Қырғыз көшбасшысы  БҰҰ Бас Ассамблеясының жиналысына қатысу үшін Нью-Йоркке жолға шыққан. Алайда, Түркия аумағында жүрегі ұстап, шұғыл медициналық көмекке зәру болды.

Қазір Алмазбек Атамбаев Ыстамбұл қаласындағы қанақжайлардың бірінде. Ал АҚШ-қа бет алған қырғыз делегациясы ресми сапарын үзбей, Ассамблея жиналысына аттанып кетті.

Айта өтейік, Алмазбек Атамбаев бұған дейін де бірнеше рет ауруханада жатып шыққан. 2008 жылы президент қатты уланып, асқазанына ота жасалған. Осы оқиғадан соң тағы екі рет аурухаға түскен болатын.

Алмазбек Үсенов, Қырғызстан Республикасы президенті әкімшілігі ақпараттық саясат бөлімінің жетекшісі:

Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Бүгін таңертең ол аппарат жетекшісі Фарид Ниязовқа бірқатар тапсырма берді. Президент бүгіннен бастап денсаулығына орай қысқа мерзімді демалысқа шықты.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА