Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшыларына қатысты сот отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2016
  • 2348

Ал Өскемендегі №2 сотта Шығыс Қазақстан облысық денсаулық сақтау басқармасы басшыларына қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушылар орындығында қызметінен уақытша шеттетілген басқарма басшысы Вадим Овсянников пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болған Валерия Спирина.

Қос айыпталушыға да қызметін асыра пайдаланып, пара алды деген айып тағылған болатын. Олардың қылмысы дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілуі мүмкін, - дейді мамандар. Аталмыш іс бойынша куәгерлердің көптігі сонша, процесс біразға созылатын түрі бар. «Ақ халаттылар ісі» аймақта айтарлықтай дау тудырып, сот ашық өтеді дегенімен, тілшілер сотқа қатыстырылмады. Ал ашық іске тілшілерді кіргізбеудің өзі заңға қайшы әрекет, - дейді құқық қорғаушылар.

Роман Реймер, заңгер:

Мұнда әсіресе мәселе мемлекеттік қызметке байланысты болып тұрғанына көңіл аудару қажет. Сондықтан мұны қоғам білуі керек. Себебі айыпталушылар жалақылары қазынадан, яғни сіздер мен біздердің жинаған салықтарымыздан алып отырған. Сондықтан біздер кімді қандай бап бойынша жазалап жатқанын білуіміз керек. Сондықтан БАҚ өкілдерін шеттету заңға қайшы әрі түсініксіз болып отыр.