Русский Сайттың толық нұсқасы

54 мың дана белгісіз дәрі-дәрмекті Үндістаннан Қазақстанға өткізбек болғандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2023
  • 939

"Жетісу" кеден бекетінде Үндістаннан контрабандалық дәрі-дәрмекті Қазақстанға заңсыз өткізбек болғандар ұсталды,- деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер биологиялық белсенді тағам қоспасы деген желеумен “Зардекс” таблеткаларын (қатты құрысу мен талмаға қарсы) импорттамақ болған. Салмағы 356 кг болатын 54 449 қаптама анықталды.

Кедендік сараптама бұл өнімнің емдік мақсатта қолдануға арналған дәрілік зат екенін анықтады. Тауарлардың кедендік құны 43,4 млн теңгені құраса, бюджетке келтірілген шығын көлемі 5,2 млн теңге болды.