Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрлан имам қыз-келіншектердің мешітке ағылуына қарсы

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2023
  • 1563

Нұрлан имам қызық қуып мешітке баратын қыз-келіншектердің әрекетін сынға алды. Тіпті мақтаныш, мода үшін Қадір түнінде мешіт жағалайтындарға қарсы екенін айтты,- деп хабарлайды Stan.kz. 

Имам қыз-келіншектер мешітке құлшылық үшін емес, әлеуметтік желіге сурет салып, өзін көрсету мақсатында ағылады деп дабыл қақты. Бірінші арнаға берген сұхбатында бұл тіпті жылда қайталанатын жағдай деп отыр. Барын киіп, жарқ-жұрқ етіп жұрт назарын аударуға тырысады. Осы мәселені көтерген ол Қадір түнінде қыздардың мешітке келмей-ақ қойғаны абзал дейді.

“Қыз балалары мешітке барса киімдері дұрыс болып, елдің назарын өзіне аудармайтын халде болуы керек. Ең әдемі, керемет көйлектерін киіп, шашақтарын тағып мешітке ары бері кіріп шығу, адамдармен жағаласып жүру жылда кездесетін жағдай. Телефондарын қолына ұстап, әркіммен танысып дегендей. Ол жер қылтың-сылтың жасайтын жер емес, құлшылық ететін орын”, - дейді имам.

Бұл пікірді қоғам белсенділері де қолдап отыр. "Тіпті қазір қыздар арасында мешітке бару модаға айналған" дейді.

“Қадір түнін жанұясының жанында өткізген дұрыс. Мешітке барып, телефон ойнау, тыртиып киім кию дұрыс емес. Тіпті мода болып кеткен сияқты қазір”, - деп ағынан жарылған қоғам белсендісі Үміт Дүйсенова.