Жартылай ауыр салмақта WBA super чемпионы Дмитрий Бивол мен Сауль Канело Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін,- деп хабарлайды Stan.kz.
Өйткені Биволдың менеджері Вадим Корниловтың айтуынша, ол жартылай ауыр салмақта Сауль Альваресті жеңген.
Сол себепті оған екінші рет ондай жекпе-жек қызық емес. Биволдың өзі екінші орта дивизионда Альварестің барлық белбеуі үшін ғана айқасқысы келеді.
Ал Канело жақында жартылай ауыр салмақта қарымта жекпе-жектің міндетті түрде болатынын айтқан еді.
Алайда Вадим Корнилов айтқандай, оған Бивол келісер емес.
Былтыр мамыр айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бірінші жекпе-жекте Бивол Канелоны ұпай санымен (115:113) жеңген болатын.