Русский Сайттың толық нұсқасы

«Австриялық әскери тұтқындардың ізімен» атты фильмнің көрсетілімі өтті

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2016
  • 3168

Әйгілі Арнольд Шварцнеггердің арғы атасы Өскемен жолының құрылысына қатысқан болуы мүмкін. «Австриялық әскери тұтқындардың ізімен» атты фильмді таныстырған австриялық тарихшылар осындай байламға келді. Жоба авторлары 1914 жылғы дүниежүзілік соғыстан кейінгі әскери тұтқындардың 2000 метр биіктікте таулы жолды салғаны жайында "құпия" таңбасы бар оқиғаның сырын ашуға тырысқан.

"Австриялық жол жүйкесі жұқа жандарға арналмаған". Германиялық жол көрсеткіштегі бұл сөйлем Венадағы тарих институтының докторы Лан Берндлдің көңілін аударады. Қажетті мәліметтерді жинау - оны Шығыс Қазақстанға әкелді. Бұл жерде Қатонқарағай мен Марқакөл арасындағы жол тілге тиек етілген. Аталған құрылыс екі аудан арасын 500-ден 90 шақырымға дейін қысқартыпты. Таулы алқаптағы жолды австриялық тұтқындардың салғаны расталып отыр. Бірақ олардың саны нақты қанша болғаны белгісіз. Кейбір деректер дәл осы жолды австриялық инженердің жобалағанын дәлелдейді.

"Теминатор" Арнольд Шварцнеггердің бабасы тұтқындар арасында болған және осы құрылысқа қатысқан деген нұсқа да бар. Жергілікті зиратта тұтқындардың 30 мүрдесі табылған. 

Айбек ҚОСАНОВ