Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда аса ірі көлемді заңсыз айналымдағы дәрі-дәрмек тәркіленді

Таразда аса ірі көлемде заңсыз айналымдағы дәрі-дәрмек тәркіленді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды жеткізу арнасының жолын кесу операциясын жүргізген. Нәтижесінде Байзақ ауданының 53 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің үйін тінту барысында оның бөлмесінен 3430 дана "Трамадол", 90 дана "Самнол", 138 дана "Тропикамид" табылған. Жалпы салмағы жарты келіден асады.

Әлім БАЖЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕҚҚІБ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады. Күдіктінің жасаған қылмысының жазасы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.