Ұлт
жоспарының сот жүйесіне қатысты 10 қадамы орындалды. Бұл туралы Жоғарғы сот
төрағасы Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуінде айтты. Онда «100
нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы
сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен судьялардың алдағы VII съезіне
дайындық барысы талқыланды.
Қайрат
Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:
Заң
үстемдігін орнатуға арналған бағыттың 26 қадамы, оның ішінде 11 қадамы сот
жүйесінің дамуына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда сол 11 қадамның 10-ы
бойынша тапсырма түгелдей орындалды. Осы бағытта барлық қажетті заңдар
қабылданды.
Айбек
ҚОСАНОВ