Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2016
  • 3122

Ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты 10 қадамы орындалды. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуінде айтты. Онда «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен судьялардың алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:

Заң үстемдігін орнатуға арналған бағыттың 26 қадамы, оның ішінде 11 қадамы сот жүйесінің дамуына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда сол 11 қадамның 10-ы бойынша тапсырма түгелдей орындалды. Осы бағытта барлық қажетті заңдар қабылданды. 

Айбек ҚОСАНОВ