Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бір күнде үш рет жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2023
  • 1446

Алматылық сейсмологтар бүгін үшінші жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл Алматы уақыты бойынша 10:38-де болған.

"Төтенше жағдайлар министрлігі SOME ЖШС сейсмикалық станциялар желісі өкілдері 2023 жылғы 16 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 10:38-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 560 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, алғашқы жер сілкінісі таңғы сағат 07:40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 325 шақырым жерде Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Екінші жер сілкінісі Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым жерде болды.

Барлық жағдайда Алматы қаласының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезбеген.