Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы болып өтті

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2016
  • 2692

"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауы азаматтардың арыз шағымдарын қарап, түйінін шешуге септігін тигізуді  жалғастыруда. Бүгін халықты сан түрлі сауалымен Премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қабылдады. Қабылдау барысы әдеттегіден өзгеше өтті. Бұл жолы бейнебайланыс арқылы халықтың сауалы тыңдалды. Алдымен Шымкент пен Ақмола облыстары азаматтарының арыздары қаралған. Олар тұрғын үй мәселесі мен жер телімін алуға қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Ал вице-премьердің жеке қабылдауына Қарағанды облысынан келген кәсіпкер Айдын Алқабай кәсібінің жайын баяндап берді.

Қазір мен ірі қара малды енді ғана сатып алайын деп жатырмын. Бүкіл 10 мың басқа арналған базасы салынып, гос экспертизасынан өттік. ҚазАгроФинанстан жем-шөпке ақша сұрағам. Менде залог, имущества бәрі бар. 1 жыл болды, отказ берді.

Аталмыш мәселені мұқият тыңдаған Асқар Мырзахметов ауқымды іскерлік мәселені жүзеге асыру үшін үкімет бірнеше бағдарлама жасақтағанын айтты. Ал Айдын Алқабай жылдар бойы шешілмеген мәселесі, "Нұр Отан" партиясының қабылдауына келгенде шешілгенін айтып, алғысын білдірді. Енді оған жем-шөп алуға "ҚазАгро Финанс" қаражат бөлмек. Асқар Мырзахметов бұл жоба әлі де толықтырулар қажет етеді деп, жас кәсіпкерге жол көрсетті.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министр орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

10 мың басқа дейін қаражатыңызды жұмсап, жеткіздіңіз. Сол жаңағы 2 мың бас болғанда, қалған 8 мың басқа салынған орынды басқаларынан жетер еді ғой. Елдегі малдың бәрін жинап алсаңыз, оның бәрі итальяндықтардың талабына сай емес, породасы келмейді, дұрыс па? Сонда 10 мың басты бордақылағаннан кейін еттің бәрін қайда сатылады?