Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған азамат қолға түсті

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2023
  • 1279

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ҚР ҰҚК Шекара қызметінен Жібек жолы бақылау бекетінде Белка атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтпекші болған ер адамға белгі бергені хабарланды.

Ақпарат алысымен полицейлер күдік тудырған ер адамды тоқтатып, тексерді. Нәтижесінде шетелдіктің күртешесінің оң жақ қалтасынан қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылды.

Айғақты затқа сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижесі оның марихуана екенін растады. Күдікті орта жастағы Тәжікстан елінің азаматы болып шықты.

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.