Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасиетті Рамазан айында Меккені жәндіктер басты

Ал Меккеде нөсер жауын жұртты әбігерге салса, кей аумақтарда қар жауған. Табиғаттың тосын мінезінен соң қасиетті мекенді шегіртке мен жәндік қаптапты. Салдарынан адамдар құлшылығын тоқтатуға мәжбүр болған. Олар жәндіктерден қорғану үшін беттері мен бастарын орап әуреге түсуде. Туристер бұған жергілікті билікті айыптап жатыр. Себебі олар болған жәйтқа немқұрайлылық танытты дейді. Әзірге жәндіктердің қайдан пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмай отыр.

Фахд ӘЛ-МӘЛИКИ, МЕДИНАДАҒЫ ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Олар кенеттен Иша дұғасы мен күннің шығуы арасында пайда болады және олардың қайдан шыққанын ешкім білмейді. Біз бәріміз бұл шапқыншылықты тоқтатуға, қажылар мен туристерге қолайсыздық туғызбау үшін тынымсыз жұмыс істейміз.