Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та 16 жасар жасөспірімнің туған күні жаппай атыспен аяқталды

АҚШ-та 16-дағы жасөспірімнің туған күні жаппай атыспен аяқталды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 20 адам жараланған. Қайғылы оқиға Алабама штатының Дейдвилл қаласында болды. Қазір тергеуді ФБР мен Мемлекеттік тергеу бюросының арнайы агенттері жүргізіп жатыр. Мерекелік шараға қаруды кім және қалай әкелгені белгісіз. Бұл жағдай қала тұрғындарын дүр сілкіндірді.

Марадкус РАССЕЛ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Мен барлық балаларды жақсы танимын. Тіпті не дерімді де білмеймін. Қаза болған балалардың бірі жақсы спортшы еді. Өзіндік мақсаты бар бала болатын. Жүзінен әрдайым күлкі кетпеуші еді.