Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін тағдырлар жазылатын, тілектер қабыл болатын - Қадір түні!

Бүгін барша мұсылман үшін қасиетті Қадір түні. Мың айдан да қадірлі саналатын бұл түнде тағдыр жазылады, дұға-тілектер қабыл болады деп есептеледі. Сол себепті Алладан үміті бар барлық жан таң атқанша жаратқанға жалбарынып, бұл түнді барынша құлшылықпен өткізуге тырысады. Елордалықтар да Қадір түнін қарсы алуға үлкен дайындық жасаған. Әріптесім Ақбота Базарбай дәл қазір Әзірет Сұлтан мешітінен тікелей байланысқа шығады. Ақбота, сіз эфирдесіз....Мешітке жиналған халықтың көңіл-күйі қалай? 

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Кеш жарық, Амина! Жаңа ғана ақшам намазының азаны айтылып, ораза ұстаған барша мұсылман аузын ашты. Мешітке халық лек-легімен ағылып жатыр. Жиналған жамағаттан көтеріңкі мерекелік көңіл-күй байқалады. Осы түні жасалған ғибадат құлшылықтың сауабы мың айға, яғни 83 жылға тең болады дейді. Қазір менің қасымда орталық мешіттің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы тұр. Айтыңызшы, бұл түнді жамағат қалай өткізгені дұрыс? 

Ерболат НҰРЫЛДАҰЛЫ, "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ 

Имамдардың айтуынша, Қадір түнін үйде, отбасымен өткізуге болады. Бірақ дұға жасалатын қасиетті орынға ағылған жамағат саны сағат сайын артуда. Тарауих намазының уақытында халық көбейіп, тіпті мешітке сыймай кетеді . 

БЛИЦ: 

- Қадір түніңде бүкіл дұға тілектер қабыл болатын түн. Қаншама сауап мың айдан қайырлы түн дейді ғой 

- Пайғамбарымыздың айтысында жамағатпен тілеген тілек қабыл болмай қайтпайды деген сондықтан мешітке келіп қадір түнің тілегенді өзіміз парыз деп ойлаймыз. 

- Ауыз ашарамыз осы жерден ауыз ашамыз жамағатпен. Сосын Құдай Қаласа қадір түнің осы жерде қарсы алайын деп жатырмыз. 

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: 

Жүректер тынышталып, тілектер орындалатын түнді дұға-тілекпен өткізген абзал. Хадисте кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан сұрап, ғибадат, құлшылықпен өткізсе өткен-кеткен күнәлары кешіріледі делінген. Мендегі ақпарат осы, Амина.