Русский Сайттың толық нұсқасы

«Уәдені орындайтын кез келді», - А.Байжанова

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2023
  • 889

Өскеменде "АMANAT" партиясы партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті. Жиында зейнеткерлерге жағдай жасау мәселесі, автобус тапшылығы сөз болды. Сондай-ақ, Риддердегі жағдай талқыланып, мұндай мәселе енді қайталанбау керектігіне тоқталды. Ол үшін басшылар партиялық бақылау бекетімен бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сонда ғана мәселенің түйіні тарқатылады.

Айгүл БАЙЖАНОВА, "АMANAT" ШҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Партиялық бақылау комиссиясы резонанс тудырған мәселе бойынша ғана жұмыс істемеуі керек. Өзге де тақырыптарды қамтуы тиіс. Мәселен, жол картасын іске асыруды бақылауы қажет. Партияның сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған барлық уәде мен ұсыныстарды ескеріп, орындау – міндет.

 С. Оралбеков