Русский Сайттың толық нұсқасы

Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтер 543 млн теңге жымқырған

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2023
  • 1287

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша тергеліп жатыр.

"Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды",-делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-прцестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.