Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалған құжатпен шекарадан өтпек болғандарға қатысты 99 дерек тіркелді

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2023
  • 1105

2023 жылдың басынан бері шетелдік (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтары жалған және өзгенің құжатын қолдануының 99 фактісін анықтады, деп хабарлады NEGE. ҰҚК-ға сілтеме жасап.

Шекаралық аймақта 4 238 шекара режимін бұзушы ұсталды, 1,9 млрд теңгеге жақын сомадағы валюта, алтын және басқа тауарлардың тасымалдануына жол берілмеді.

Қару мен оқ-жарақты өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз миграцияның 4 арнасы бейтараптандырылып, бұл қылмысқа қатысы бар 6 адам ұсталды. Ұсталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.