Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртаулық хоккейшінің қос азаматтығы бары анықталды: Алайда спортшы қазақстандық болудан бас тартты

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2023
  • 1235

Қазақстандық хоккейші, "Барыс" ҚХЛ командасының ойыншысы Антон Сағадеев Қазақстан азаматтығынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Антон Сағадеев – Теміртау хоккей мектебінің тумасы және тәрбиеленушісі. Ол бүкіл спорттық мансабын Қазақстанда өткізіп, "Барыс" сапында ойнаған.

Айта кетсек, әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамасының барлық ойыншыларының қос азаматтығы бар-жоғы тексерілген болатын. Осылайша үш хоккейші, яғни Егор Петухов, Алексей Малюков және Антон Сағадеевтің Ресей мен Қазақстан азаматтығы бары анықталды. Алғашқы екеуі Қазақстан азаматтығын ала тұра, Ресей азаматтығынан бас тартпаған. Ал Антон Сағадеев Қазақстан азаматы бола тұра, Ресей азаматтығын алған.

Үшеуінің де Қазақстан азаматтығынан бас тартқаны хабарланды.

Сағадеев Қазақстан азаматтығынан Ресейдің пайдасына бола бас тартты және алдағы Әлем чемпионатына қатыспайды. Себебі Қазақстан құрамасында өнер көрсетпейді. Ал ресейліктер мен белорустарға халықаралық жарыстарға қатысуға тыйым салынған.

Егор Петухов "Барыстан" кететінін, Алексей Малюков соңғы екі маусымда "Металлург" сапында ойнайтынын, ал Сағадеев "Сочиге" кеткісі келетінін мәлімдеді.