Русский Сайттың толық нұсқасы

Илон Маск TruthGPT чат-ботын іске қосады

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2023
  • 677

Илон Маск TruthGPT атты жеке чат-ботын іске қоспақ. Бұл туралы ол Fox News телеарнасының жүргізушісі Такер Карлсонға айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Мен TruthGPT аталатын әлденені, басқаша айтқанда Ғаламның табиғатын түсінуге тырысатын, шындықты іздеп табуға барын салатын ЖИ-ді (жасанды интеллект) іске қоспақмын",-дейді И.Маск. 

Айтуынша, бұл – қауіпсіздікке төте жол. Себебі ол Ғаламшар ұғымынына қамқорлықпен қарайды, сондықтан ол адамдарды жойып жіберуі екіталай, өйткені олар оның мүддесінің бөлшегі.

Дегенмен Илон Маск жасанды интеллектіде «өркениетті жою әлеуеті барын» айтып, оның жалпы қаупі туралы атап өтті.