Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны жарақат алды

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2023
  • 1185

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген жарақат алды. Бұл ақпаратты "Ордабасы" клубының баспасөз қызметі растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қостанайлық "Тобылға" қарсы өткен матчта Асхат Тағыберген оң аяқ санын жарақаттап алды. Қазір ол емделіп жатыр. Капитанымызға жарақатынан тез айығып, алаңға ертерек оралуына тілектеспіз", - делінген хабарламада.