Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» арнасында тұсаукесер: көптен күткен «Осман» түрік телехикаясы эфирге шықпақ

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2023
  • 3038

Бүгін, 20 сәуірден бастап күн сайын 21:00-де «Астана» арнасынан «Осман» түрік телехикаясы көрермен назарына ұсынылады.

Осман – жас әрі қайсар сұлтан. Оның мақсаты – ешкімнен жеңілмейтіндей алып әрі ұлы мемлекет құру. Осы жолда оны үлкен сынақтар, қанды шайқастар, сатқындар мен зұлымдар күтеді. Бірақ Осман бәріне қасқайып қарсы тұра алады. Ол – дана әрі парасатты басшы, Ертұғрұлдың жаққан отын сөндірмей өз есімімен аталған «Осман» империясының негізін қалаған жан.

Ертұғрұл данышпан билеуші еді, енді оның ұлы Осман таққа отырды. Жас әрі қайсар сұлтан көп жерді иемденгісі келеді. Ондағы мақсаты – ұлы мемлекет құру әрі оны ешкімнен жеңілмейтіндей етіп құру. Ол өзінің атымен аталған Осман империясының негізін қалайды. Бірақ Османды алда адам сенгісіз сынақтар, қанды шайқастар мен жол кесетін арамза сатқындар, жаулар күтіп тұр. Алайда дана және парасатты басшы кез келген қиын жағдайды өз пайдасына айналдыра алады. Сол қасиетінің арқасында мақсатына да тез жетеді. Көп ұзамай ол Қара және Мәрмәр теңіздеріне шығуға мүмкіндік беретін жерлердің бір бөлігін басып алады. Содан сауда да жылдам дамып, елдегі жағдай жақсарады. Бірақ бұл аты тарихта қалған ұлы басшының жетістікке жету жолында жасаған алғашқы қадамы ғана...

Телехикаяда Османның билігі мен ерлігі көрсетіледі. Оның рөлін «Сүлеймен сұлтан» телехикаясында көптің көңілінен шыққан Бали бейді ойнаған Бурак Озчивит сомдайды.

Одан бөлек фильмге Озге Торер (Бала қатын), Эмре Башалак (Құндыз бей), Бусе Арслан (Айгүл қатын), Нуреттин Сёнмез (Бамсы бей), Рагып Саваш (Дюндар бей), Аслыхан Каралар (Бурчин), Серхан Онат (Айбарс) сынды әртістер түскен.