Русский Сайттың толық нұсқасы

Серік Қүдебаев Қазақстаннан таулар арқылы қашқан болуы мүмкін – ҰҚК

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2023
  • 1059

Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев таулар арқылы шекара асқан болуы мүмкін.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Алан Алдажұманов Сенаттың кулуарындағы брифингте мәлімдеді.

«Жұмыс болжамы бар, ол тау жаққа кетуі мүмкін делік. Оның туған жеріне жақын маңайда шаруа қожалығы, елдімекен бар. Негізінде, жақсы жол көрсетушілер де, мүмкіндік де бар. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз», - деді Алдажұманов