Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жүргізушілерге құрма таратып жүрген жасөспірімді көлік қағып кетті

Алматыда көшеде тұрғындарға су мен құрма таратып жүрген жасөспірімді көлік қағып кетті. Оқиға Абай даңғылының бойында болды. Бұл көліктің бейнетіркегіш камерасына түсіп қалған. Кадрлардан баланың жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені көрінеді. Жеңіл көлік жылдамдықты бәсеңдетуге үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақаттанған жасөспірім ауруханада көз жұмды. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.