Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада жеке үйлердің бірінде жарылыс болды

Қызылордада жеке үйлердің бірінде жарылыс болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс газ ауа қоспасының жылыстауының салдарынан болған. Соңы өртке ұласып, 1984 жылы туған шетел азаматын күйік шалды. Қазір ауруханада. Тұрғын үй толық жанып кеткен. Жанындағы уақытша құрылыс нысаны да зақымданған. Қызыл жалынды өшіруге өрт сөндірушілер екі сағаттан астам уақыт жұмсады.