Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық жас жігіт «Вагнер» жасағымен келісімшартқа отырған

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2023
  • 1166

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде «Вагнер» жасағының құрамына кірді делінген қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 23 жастағы Марғұлан Бекеновті белгісіз біреулер ұрлап әкеткен.

Жас жігіттің анасының айтуынша, 18 наурызда Томск мемлекеттік университетінде оқитын ұлы Ресей Федерациясының Краснодар өлкесіндегі Молкино ауылына «Вагнер» жалдамалы әскерилер жасағының оқу базасына жеткізілген. Әйел ұлын Қазақстанға қайтару үшін құзырлы органдардан көмек сұрайды.

«Қолда бар деректерге сәйкес, аталған азамат»Вагнер» жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісімшартқа отырған. Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігі аталған азаматтың туыстарының өтініші бойынша Ресей Федерациясының құзырлы органдарына тиісті сауалдар жолдады. Ақпарат тексеріліп жатыр. Консул азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста отыр», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.