Русский Сайттың толық нұсқасы

"Лақтыра салған": сәбиді төсекке етпетінен жатқызған медбикенің басының дауға қалды

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2023
  • 1208

АҚШ-та Аманда Берк есімді медбикеге баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді деген айып тағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Оқиға Лонг-Айлендтегі Good Samaritan Hospital ауруханасында болған.

NBCnewyork басылымының хабарлауынша, нәрестенің ата-анасы Консуэло Саравиа мен Фидель баласын төсекке етпетінен қаратып жатқызған Аманда Берктің үстінен шағым түсірген. Олардың пікірінше, медбике дүние есігін ашқанына небәрі екі күн болған нәрестені жұлқылап, төсекке етпетінен лақтырып, әбден жылатқан.

Нәрестенің әкесі бұл сәттің кездейсоқ куәсі болып, оны видеоға түсіріп үлгерген. Ерлі-зайыпты бейнетаспаны құзырлы органдарға табыстап, медбикені жазалауды талап етті.

Перзентхана басшылығы бұл жайтқа қатысты дереу түсініктеме беріп, кінәлі адамдар жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

Құзырлы орган істі тергеуге алған. Ал баланың жағдайы жақсы, оның денсаулығына зиян келтірілмеді. Десе де нәрестенің ата-анасы баланы жұлқылап, дөрекілік танытатын медбикені жұмыстан кетіру дұрыс шешім деген ойда. Олар осылайша өзге балаларды да "дөрекі медбикеден қорғай алғандарын" алға тартты.