270 мың оқушыға орын тапшы. Осылай жалғаса берсе үш жылдан кейін бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін. Өйткені, 10 жылдың ішінде мектеп жасындағы балалардың саны 3 миллион 700 мыңға жеткен. Бұл мәселе Мәжілістегі «АMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланды. Ұлттық жоба аясында 2026 жылға дейін 800 мың, жобадан тыс 600 мың оқушы қамтылатын мектеп салу жоспарланған. Мұнын іске асуын «AMANAT» фракциясы бақылайды. Сондай-ақ, фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев мектептерді салу кезінде Қазақстанда өндірілген материалдарды пайдалану керектігін айтты. Өзге елдің экономикасын жарылқай беруді доғару керек деді.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Әрбір қазақстандық бала заманауи мектепте оқуға толық құқығы бар. 11 жыл бойы дамыған мектепте, спорт залы да бар, көрсетілген дүниелерді іске асыру керек. Осы жерде отандық тауар өндірушілерге айтарым, бұл жерде табыс табу емес басты мақсат, басты мақсат: тауар өндірушілердің де тарапынан жауапкершілікпен қарау.