Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда суға батқан мүлікті аластау ережелері күшіне енді

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2023
  • 1127

2023 жылдың 21 сәуірінен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі №217 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында суға батқан мүлікті аластау ережелері күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалардың мақсаты - суға батқан мүлікті оның меншік иесінің не Қазақстан Республикасы теңіз порттары әкімшілігінің жою тәртібін белгілеу жолымен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Суға батқан мүлікті аластау тәртібі:

- қауіпті айқындауды,

- кеме тіркелген мемлекеттің уәкілетті органын және батып кеткен кеменің меншік иесін хабардар етуді,

- батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді,

- батып кеткен мүлікті жою мерзімін белгілеуді қамтиды.

"Батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттамада батып кеткен мүлікті жою тәсілі мен құралдарының сипаттамасы, іс-әрекеттердің реттілігі және оларды жүргізу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қамтылады"-дейді ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.