Түркістан облысының полицейлері кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасы.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Жетісай ауданының полиция бөліміне әйел адам шағымданған. Ол шағымында өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан.
Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барып, барлық жедел шараларды атқарған. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамасы тағайындалған. Полицияның ақпаратынша, қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ бұл жайтты Түркістан облыстық полиция департаментінің басшылығы тікелей бақылауын алған.