Бурабай курорттық аймағында қоғамдық дәретхана жетіспейді. Туристер мен демалушылар жағажайлар мен көлдердің маңын ластап тастаған. Демалыс аймағында қоқыстар да көбейіп барады. Жылдар бойы қордаланған жай туралы өңірдің сала басшылары пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бурабайға демалуға барған туристер мен демалушылар дәретхана таппай қиналады. Қоғамдық дәретхана саусақпен санарлық. Тіпті демалыс орнының бірқатар аумағында қоғамдық дәретхана мүлде жоқ деуге де болады. Салдарынан жағажай маңы мен көлдер ластанып жатқанын эколог мамандар да талай көтерген. Әсіресе, жазғы шомылу маусымы басталар тұста жылдағы өткір мәселе тағы да туристер мен демалушылардың наразылығын тудырады.
Облыстық құзырлы органдар өкілдері бұл жайға назар аударылған айтты. Ақмола облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мәліметінше, биыл дәл осы қоғамдық дәретхана мәселесі күн тәртібіне енгізілген.
Басқарма басшысының орынбасары Андрей Подгурскийдің айтуынша, биыл жазғы маусымда Бурабай курорттық аймағында 30 санитария-гигиеналық торап қойылады.
Дәретханаларды орнату 20 сәуірден бастап жүзеге асырылмақ. Оның 10-ы жеке кәсіпкерлердің демалыс аймағында орналасатындықтан, ақшалы түрде, яғни 150-200 теңге көлемінде болмақ.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/82078/
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/82078/