Русский Сайттың толық нұсқасы

"Көкке өрле!". Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желіде тараған өз видеосына қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2023
  • 1931

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші даулы видеоның түпнұсқасын Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Негізі осылай болған еді", делінген видео сипаттамасында.

Ал Тик-токтағы пікірінде Гүлнұр Оразымбетова: "Менің дауысымнан шок болып, ұйықтай алмай жатқан оқырмандарым, кеш жарық. Өзімнің дауысымнан өзім шок болдым десем де болады. Осындай мүмкіндік жасап берген азаматтар, сіздерге "респект". Ең бастысы, мен сіздермен біргемін. Сіздер менімен біргесіздер. Бұл алдағы уақытта үлкен концерттерге жолдама деп ойлаймын. Күтіңіздер. Жанды дауыста жақсы дүниелерді өздеріңізге ұсынамын", - деді.

Kesek_kzo атты пікір қалдырушы даулы видеодағы монтаж қандай қосымша арқылы жасалғанын түсіндіріп, Гүлнұр ханымға сұрақ қоя кетіпті:

"...Кореяда айдол немесе басқа әншілердің жанды дауыста ән айта алады ма әлде жоқ па, соны тексеру үшін, кейбір адамдар "MR REMOVED" деген қосымшаны қолданады. Ал ол басқа дауысты немесе дыбысты автоматты түрде басып, тек әншінің айтқанын қалдырады... Сонымен, Гүлнұр ханым, сіздің осы видеоңызға "Mr removed" қосымшасы қолданылған, бұған не дейсіз?".

Жанкүйерлердің басым бөлігі Гүлнұрдың бірқатар ән байқауының жеңімпазы екенін айтып, әншіні қолдаған. Ал ел арасында дау туғызған видео қастық мақсатында жасалған деп топшылап, әншіге сотқа жүгінуге де кеңес береді.