Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жеке тұрғын үй өртеніп, екі бала қаза тапты

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2023
  • 1119

Ақтөбеде жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан 2013 және 2019 жылы туған екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш адамды ақтөбелік полицейлер өрттен аман алып қалды

21 сәуірде Қанат Жетпісбаев, Сәбит Адай, Ерсұлтан Төлеп патрульдік полицейлері Ақтөбе қаласы Жангелдин көшесінде жеке үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабарлама алған.

Аталған мекен-жайға келген полицейлер алдыңғы есіктің жалынға оранғанын көрген. Терезеден олар еденде адам жатқанын көріп, терезені сындырып, өртеніп жатқан үйге кірген. Екі әйел мен ер адамды терезеден алып шыққан.

Құтқарылғандарды қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін полицейлер үйде екі кәмелетке толмаған бала қалғанын естіген, бірақ үйге қайта кіру мүмкін болмады.

Келген өрт сөндірушілер үйге кіріп, өртті сөндірген.