Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазира Байырбекова күйеуін "жәннатым" дейтіндерге қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2023
  • 2361

Танымал әнші Жазира Байырбекова күйеуін жәннатқа теңейтіндерге қатысты пікір білдіріп, бұл сөзді ата-анасына айтса, жарасатынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, бұл пікірі көп адамға ұнамайды.

"Осы ойымды ашық айтқаным үшін көбіңіз ренжисіздер-ау… "Күйеуін "жәннатым" деп санаған дұрыс" деп қанша жерден естісем де келісе алмай-ақ қойдым. Әр адам өз ата-анасын осылай атаса, 100 пайыз қосыламын. Өйткені ата-анасын ешкім, ешқашан ауыстыра алмайды. Күйеуін, балаларының әкесін сыйлаған, құрметтеген өте дұрыс. Бірақ "жәннатым" деп тек әке-шешеге айтса жарасатын сияқты", - дейді әнші.

Желі қолданушыларының бір бөлігі оның пікірін қолдаған.

"Дұрыс, қосыламын. Күйеу ешқашан жәннатың болмайды, өмірлік серігің ғана", "Иә, күйеу жәннат бола алмайды ғой. Құнды сөздерді арзанға теңеу жасап, Жәннатты шатастырады", "Өте дұрыс айттың, Жазира, тек ата анаға айтылатын сөз", "Сізбен 100 пайыз келісемін, ата-ананы ғана Жәннатым деп айтуға болады", - дейді пікір жазғандар.