Русский Сайттың толық нұсқасы

«TikTok-ты 13 жастан асқандар ғана қолдану керек», - маман пікірі

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2023
  • 848

Елімізде балаларға қатысты 18 мың 454 заң бұзушылық тіркелген. Бұл алаңдатарлық статистиканы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Медиа этика және балалардың құқықтарын қорғау» тақырыбында өткен дөнгелек үстелде айтты. Бала психологиясына бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің әсері зор. Тіпті оның өмірін өзгертуі мүмкін. Сондықтан мамандар TikTok желісін 13 жастан асқан жасөспірімдерге ғана қолдануға рұқсат беру керек деп есептейді.

Летисия ВЕЙЛ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰҰ БҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Балалардың мүддесі және тағдыры әрдайым бірінші орынға қойылуы керек. Сонымен қатар үнемі балалардың құқығының қорғалуын талап ету керек. Біз әрбір оқиғаның артында баланың тағдыры тұрғанын ұмытпауымыз қажет. Ең бастысы, баланың әл-ауқаты басты назарда болуы тиіс.

С. Оралбеков