Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің 9 мамырға арналған жоспары белгілі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады. Президент, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді. Ал 9 мамырда Астанада екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.