Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарқанда мектеп оқушысы мінген көлік 4 жасар баланы қағып мерт қылды

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2023
  • 1087

Сарқанда мектеп оқушысы мінген көлік 4 жасар баланы қағып мерт қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қайғылы оқиға кеше, 23 сәуір күні кешке қаладағы көшелердің бірінде болды.

4 жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды.

Шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы мінген. Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады", - делінген хабарламада.