Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы-Бішкек тас жолында апатқа ұшыраған Mercedes екіге бөлініп қалған

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2023
  • 1142

Алматы облысында Mercedes көлігін тізгіндеген жүргізуші ағашқа соғылып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы 24 сәуірде сағат 09:20 шамасында орын алды. Mercedes-тің 61 жастағы жүргізушісі "Алматы-Бішкек" тас жолымен келе жатып, 33-ші шақырымда рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен жүргізуші Қаскелең қаласындағы орталық аудандық ауруханаға шұғыл жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.