Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада екі адам төбелесіп, біреуі көз жұмды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2023
  • 962

24 сәуірде полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Polisia.kz-тің дерегінше, полицейлер екі адамның өзара жанжалдасқанын анықтады. Жəбірленуші алған ауыр дене жарақатынан ауруханада қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106 - бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел іздестіру нəтижесінде, күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.