Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақерке Бүркітбайдың ұлымен түскен суреті желі қолданушыларын сүйсінтті

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2023
  • 1926

Қазақстандық қобызшы Ақерке Бүркітбай кішкентай ұлы Зейінмен түскен суретін желіге жариялап, оқырмандарын сүйсінтті.

Әнші фотосессия үшін арнайы ұлттық киім мен әшекей бұйымдарын пайдаланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен шығып көрген ең биік жер - әкемнің иығы. Мен барып көрген ең жылы жер - анамның құшағы", - деп жазды баласын құшағына басқан әнші Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары Ақерке Бүркітбайдың ұлы Зейінмен түскен суретіне ақ тілегін білдірді.

"Өте сұлусыз", "Бақытты болыңыз", "Мына суретіңізде енеңізге ұқсап қалыпсыз", "Ана атануыңызбен құттықтаймын", - деп жазды желідегідер.