Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда қараусыз қалған бір жасар бала терезеден құлап кетті

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2023
  • 1469

25 сәуір күні кешке таман Қостанайда бір жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап, жансақтау бөліміне жеткізілді.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге шығып, сыртқа құлап кеткен.

"Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды".

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ата-аналарды баланы қараусыз қалдырмауға шақырды.

"Қауіпсіздік мақсатында терезелерге торлар немесе блокаторлар орнатыңыз. Есіңізде болсын, москит торлары баланы құлаудан құтқара алмайды",-Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы