Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2023
  • 798

26 сәуірде Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл жөнінде ақпарат Табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) сайтында жарияланды7

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 07:48-де (Астана уақыты бойынша 10:48) тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Саимбейлі ауданында болды. AFAD таратқан мәлімет бойынша, дүмпу 7 км тереңдікте болған.