26 сәуірде Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл жөнінде ақпарат Табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) сайтында жарияланды7
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 07:48-де (Астана уақыты бойынша 10:48) тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Саимбейлі ауданында болды. AFAD таратқан мәлімет бойынша, дүмпу 7 км тереңдікте болған.