Русский Сайттың толық нұсқасы

Көпірден секірген азаматша құтқарылды

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2023
  • 892

26 сәуір күні 15:50 сағатта байланыс бекетіне Атырау қаласы Тұрғындар қалашығы жаяу жүргіншілер көпірінен Жайық өзеніне белгісіз адам секіруге әрекет жасап жатырғаны жөнінде полиция қызметкерлерінен шақырту түсті. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

 Құтқарушылар дереу оқиға орынан жеткен кезде белгісіз адамның көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткендігі анықталды. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, өзенге секірген бойжеткенді құтқарып қалды. Құтқарылған 2000 ж.т. Т.А. азаматшаға ҚР ТЖМ «Апаттар медициналық орталығы» ММ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.

Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 қызметкермен 1 бірлік техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ 3 қызметкер, 1 бірлік техника, ПД 5 қызметкер мен 2 біролік техника жұмылдырылды.